Нұрымбетовтің қабылдауында болған азаматтар қандай мәселелерді көтерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 8 адамды қабылдады. Олардың ішінде Нұр-Сұлтан, Шымкент және Қарағанды қалаларының тұрғындары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, Біржан Нұрымбетовтің қабылдауында болған азаматтар мүгедектікті қайта белгілеу, жұмысқа орналасу, зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдер беру, мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру, жалақы төлемеу және жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылуы сияқты мәселелерді көтерген.

«Біржан Нұрымбетов азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, барлығына толыққанды жауап берді. Министр қарауға қосымша уақыт талап ететін мәселелерді жеке бақылауына алды. Сондай-ақ Біржан Нұрымбетов Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті мен министрлік департаменттерінің басшыларына азаматтардың мәселелерін қолданыстағы заңнама аясында шешуге көмектесуді тапсырды», - делінген ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар