+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Нұрымбетов: Білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарына бейімдеуіміз қажет

2020 жылғы 20 ақпан 15:52
Бөлісіңіз:
Нұрымбетов: Білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарына бейімдеуіміз қажет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асхат Аймағамбетов жазғы каникулды қысқарту мәселесіне пікір білдірді Қашықтан оқытуда мұғалімдердің жалақысы кемімейді - министр Асхат Аймағамбетов үйде оқығысы келмейтін Нұрисламға жауап берді

«Былтыр мамыр айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын жан-жақты жетілдіру жөнінде тапсырма берген болатын. Осы мәселеге қатысты екі министрлік көптеген жұмыс атқарып жатыр. Оның бірі – еліміздегі ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру шараларының аясында жұмыстар жасалуда», - деді кеңесті ашқан Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру бағытында қажетті шаралар белгіленген. Олардың қатарында барлық сала бойынша салалық біліктілік аясын, кәсіптік стандарттарды бекіту бар.

«Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе - болашақ түлектің еңбек нарықта сұранысқа ие болуы. Бұл ретте еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, кәсіптік стандарттар негізінде кадлар даярлау жүйесін құру басымдыққа ие болып отыр. Біздің Білім министрлігімен ортақ міндетіміз - білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарына бейімдеу және кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша нақты іс-қимыл алгоритмін іске асыру», - деді министр.

Кеңес барысында кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын өзектендіру және әзірлеу алгоритмдері талқыланды. Шара соңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомстволардың талқыланған бағытта одан ары ынтымақтастығын реттейтін меморандумға қол қойды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT