+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендия иегерлері анықталды

2021 жылғы 6 қазан 16:16
Бөлісіңіз:
Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендия иегерлері анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы журналист, тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендия иегерлерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚазАқпарат фототілшісі республикалық байқауда үздік атанды Аймағамбетов грант қаражатын студенттің банктік шотына аудару тиімділігін атады

Корпорация мәліметінше, байқау еліміздегі жоғары оқу орындарының журналистика факультетінің студенттері арасында екі ай көлемінде жүргізілді. Оқу гранты Н.Иманғалиұлының телевизиядағы тұлғасы жайлы үздік бейнематериал ұсынған үш студентке табысталды.

Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай байқаудың мақсаты – Қазақ телевизиясы қалыптаса бастаған уақыттан телеэфирдегі бейнесімен тұтас буынға үлгі болған Нұртілеу Иманғалиұлының есімі мен шығармашылығын насихаттау, ізбасарларына қолдау көрсету екенін атап өтті.

«Оқу гранты бастапқыда екі студентке белгіленген. Келіп түскен жұмыстар арасында Нұртілеу Иманғалиұлының шығармашылығын, тележүргізуші, тұлға ретіндегі ерекшеліктерін өзгеше қырынан ашып көрсеткен студенттер болды. Бейнематериалдарды қарастыра отырып, тағы бір үміткердің жұмысын үздік деп танып, қосымша грант беру туралы шешім қабылдадық», - деді Л.Танысбай.

Телерадиокорпорация қызметкерлерінен құрылған арнайы комиссияның шешімімен Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 3-курс студенті Аңсаған Ғалаладин, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2-курс студенті Қанат Жолдасбеков, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 4-курс студенті Күмісжан Исан Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу грантының иегері атанды.

50 мың теңге көлеміндегі ай сайынғы стипендия студенттерге биылғы оқу жылына төленеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT