+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Нұртай Сабильянов тұрғын үй құрылысы жүргізілмеген аудандар туралы айтты

2019 жылғы 7 қазан 13:21
Бөлісіңіз:
Нұртай Сабильянов тұрғын үй құрылысы жүргізілмеген аудандар туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов тұрғын үй құрылысы жүргізілмеген аудандар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның әуе компаниялары ұшақ билеттерінің құнын 12% төмендетті Қырымбек Көшербаев ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты Сарыағаш ауданында Президент Жолдауы кеңінен насихатталды

«Уәкілетті орган берген деректерге сүйенсек, бүгінгі күні 512 мың азамат тұрғын үй алу кезегінде тұр, оның ішінде 30 мыңға жуығы бұл кезекте тұрғанына 10 жылдан астам уақыт болған. Үй кезегіңде тұрған 200 мыңнан астам азамат халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жатады», - деді депутат Парламент Мәжілісінде «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, 2017 жылдан 2019 жылғы 1 шілдеге дейін, яғни 2,5 жыл ішінде 30 мың азамат тұрғын үй алған, бұл кезекте тұрған жалпы адам санының 6,3 пайызы ғана. Мысалы, осы мерзімде тұрғын үй кезегінде тұрған Алматы қаласы бойынша 8 мың адамға (37 %), Түркістан облысы – 4 мың адамға (13,5 %), Қызылорда облысы – 3300 адамға (12 %) пәтер берілді, ал Атырау облысында бар жоғы 720 адам, ШҚО – 855 адамға пәтер берілген.

«Бұл халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау қажет екенін айғақтайды. Біріншіден, мұқтаж азаматтардың тұрғын үймен жеткілікті түрде қамтылмау мәселесіне тоқталған жөн. Бюджет қаражатын өңірлердің қажеттіліктері мен кезекте тұрған мұқтаж адамдарды ескермей бөлу практикасы жалғасып отыр. Кезекте тұрған адамдардың саны ең көп Алматы облысында 48 мыңнан астам азамат кезекте тұр. Бұл ретте соңғы үш жылда оған бар болғаны 18,7 млрд теңге ғана бөлінген. Ал кезекте тұрған адамдар саны одан екі еседей аз (26 мың адам) Қостанай облысына мемлекеттік бюджеттен 26,8 млрд теңге бөлінген. 35 мың адам кезекте тұрған Қарағанды облысына 19,5 млрд теңге қаржы бөлінген», - деді Н. Сабильянов.

Сонымен қатар, осы бағдарлама бойынша шағын, моноқалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда жеке тұрғын үйлер салу қарқыны баяу жүргізілуде. Бүгінгі таңда шағын, моноқалалар мен аудандарда кезекте тұрғандар саны 210 мың адам. 2,5 жыл ішінде оларда барлығы 188 үй (5 мың пәтер) салынған.

«Оның үстіне соңғы бес жылда бюджет қаражаты есебінен бірде-бір тұрғын үй салынбаған аудандар да бар. Мысалы, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 4 мыңға жуық азамат кезекте тұр. Бірақ соңғы 10 жылда бұл ауданда тұрғын үй салынбаған және кезекте тұрған тек 36 адам ғана тұрғын үй алған. Ақмола облысының Шортанды ауданында 600 адам кезекте тұрса да, 2013 жылдан бері онда тұрғын үй мүлдем берілмеген. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында 1 мыңға жуық адам кезекте тұр. Бірақ соңғы 25 жылда бұл қалада бірде-бір көппәтерлі жаңа тұрғын үй салынбаған. Өкінішке қарай, мұндай жағдай басқа көптеген аудандарда да бар», - деді депутат.

Оның пайымынша, уәкілетті орган мен әкімдіктер шағын моноқалалар мен ауылдарда тұрғын үй салуға да ерекше назар аударып, осы мақсатқа арнап жергілікті бюджеттен қаражат қарастыруы қажет.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT