Нұртай Сабильянов ауылдардағы медициналық көмекке қатысты өзгерістерді ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов ауылдардағы медициналық көмекке байланысты Денсаулық сақтау министрінің атына сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлерде сайлаушылармен кездесулер өткізгенде ауылдық елді мекендерде сапалы медициналық көмек көрсету мәселесі жиі көтерілді.

Парламент Мәжілісіндегі «NurOtan» партиясы Фракциясының 2019 жылғы 17 қаңтардағы отырысында Денсаулық сақтау министрлігіне тұрғындардың санын, географиялық және табиғи климаттық факторларды ескере отырып, денсаулық сақтау ұйымдары желісінің нормативін қайта қарастыру ұсынылды. Қазіргі кезде ауылдық елді мекендерде амбулаториялық-емханалық көмек медициналық пунктте, фельдшерлік-акушерлік пунктте және дәрігерлік амбулаторияда көрсетіледі», - деп тоқталды депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Бұл ретте қолданыстағы нормативке сәйкес:

медициналық пункт халықтың саны 50 –ден 800 адамға дейін;

фельдшерлік-акушерлік пункт - 800-ден бастап 1500 адамға дейін;

дәрігерлік амбулатория - 1500 –ден 10 000 адамға дейін болатын әрбір елді мекенде (ауылдық округте) құрылады.

Статистика комитетінің ақпараты сәйкес, елімізде халық саны 50-ден асатын ауылдық елді мекендер саны 5691-ді құрайды. Солардың ішінде тек 1087-сінде тұрғындар дәрігерлік көмек ала алады.

«Бұл жағдайда, қалған ауыл тұрғындары тұрғындары сапалы медициналық көмекке қалай қол женткізе алады? Жоғарыда айтылғандар негізінде, медициналық пункті халық саны 50-ден 300 адамға дейін, фельдшерлік-акушерлік пункті халық саны 300 – ден 500 адамға дейін, дәрігерлік амбулаторияны500-ден 10 000 мың адамға дейін болатын әрбір елді мекенде (ауылдық округте) құру бөлігінде денсаулық сақтау ұйымдары желісінің нормативіне өзгеріс енгізуді сұраймын», - деді Н. Сабильянов.


Соңғы жаңалықтар