Нұртай Әбіқаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне қайта тағайындалды

None
None
АНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін ҚР Парламент Сенатының жалпы отырысында Мемлекет басшысының ұсынысымен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне Нұртай Әбіқаевты тағайындалды.

«ҚР Конституциясына сәйкес, Президент сайланғаннан кейін Мемлекет басшысына тікелей бағынышты басшылар да өз өкілеттіктерін доғарады. Бұл шеңберге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы да кіреді. Бізге оны қайта бекіту керек. Сондықтан Конституцияның 44-бабы, 4-тармағына сәйкес Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне Нұртай Әбіқайұлының кандидатурасын ұсынамын»,-деді Мемлекет басшысы.

Осыдан кейін сенаторлар ҚР Президентіне Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметіне Н. Әбіқаевты тағайындауына келісім беру жөніндегі Сенаттың қаулысы дауысқа қойылып, жиынға қатысқан 43 депутат қолдау білдірді.

Соңғы жаңалықтар