Нұртай Әбіқаев, Дариға Назарбаева, Қуаныш Сұлтанов І дәрежелі Барыс орденімен марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында І дәрежелі Барыс ордені иегерлерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін еңбек ардагері, көрнекті мелмекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбек пен танымал ақын Ақұштап Бақтыгереева және көрнекті жазушы Сәбит Досанов «Отан» орденімен марапатталатын болды.

І дәрежелі Барыс орденімен мемлекет және қоғам қайраткерлері – Нұртай Әбіқаев, Дариға назарбаева, Қуаныш Сұлтанов және белгілі ғалым Тілектес Есболов марапатталды. Сондай-ақ, І дәрежелі «Барыс» ордені «Зенит» Орал зауыты» АҚ бас директоры Вячеслав Валиевке беріледі», - деді Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар иегерлерін марапаттау рәсімінде.

Сондай-ақ ENRC PLC компаниясының акционері – негізін қалаушы Александр Машкевичке, Алматы қаласындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМКК филиалының директоры Алтынбек Қоразбаевқа, еңбек ардагерлері: Н.Есенғарин, Т.Сүлейменов және З.Федотоваға І дәрежелі «Барыс» ордені берілді.

Айта кетейік, Ақордада Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ел азаматтарына алғыс айтқан еді.

Сондай-ақ еліміздің ең жоғары атағы – «Қазақстанның еңбек ері» марапаты үш адамға табыс етілді.


Соңғы жаңалықтар