«Нұртау темір» цемент зауытын жабу мәселесі жеке бақылауымда - Ерболат Досаев

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қала тұрғыны Ерболат Досаевтан «Нұртау темір» цемент зауыты жайында сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұртау темір» цемент зауыты бойынша сұрағым бар. Бүкіл сот процесі жеңіспен бітті, дегенмен, неге зауыт әлі жұмыс істеп тұр?», - деп сұрады қала тұрғыны.

Алматы әкімі Ерболата Досаев зауыт Жоғарғы сотқа апелляция бергенін айтты.

«Бұл мәселемен біз жұмыс істеп жатырмыз. Соттарда жеңдік. Бірақ, зауыт сот орындаушыларының іс әрекетіне қатысты Жоғарғы сотқа апелляция берді. Сондықтан барлық сот процесінен өтпейінше, ештеңе істей алмаймыз. Бұл мәселені жеке бақылауымда ұстап отырмын», - деді Ерболат Досаев.

Еске салайық, осыған дейін Ерболат Досаев аталған мәселе бойынша экологиялық заңнамада өзгерістер болса, зауыттың жұмысын бірден тоқтатуға болатынын айтқан еді.
Соңғы жаңалықтар