Нұртас Әжбенов грузиялық боксшыны бірінші раундта нокаутпен жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы кәсіпқой бокс кешінде Нұртас Әжбенов (5-0, 1 КО) грузиялық Ачико Одидадзені (18-10-1, 7 КО) бірінші раундта нокаутқа жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан кәсіпқой бокс қауымдастығына сілтеме жасап.

Қазақстандық былғары қолғап шебері 18 рет жеңіске жеткен тәжірибелі боксшыдан басым түсті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек «Барыс-Арена» спорт кешеніндегі кәсіпқой бокс кеші аясында өтті. Айқас 6 раундқа шақталғанымен, Әжбенов қарсыласын бірінші раундта-ақ жер жастандырды.

24 жастағы Нұртас үшін бұл – мансабындағы алтыншы жеңіс. Кәсіпқой бокста алты рет кездесу өткізген жас боксшы жеңілістің ащы дәмін татып көрген жоқ.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы бокс кешін британдық MTK Global компаниясы мен америкалық Top Rank ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар