Нұрсұлтан Жаңабаев WBC рейтингіне кірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің жаңартылған нұсқасына енгізілді, деп хабарлайды Sports.kz.

WBC рейтингіндегі өз дивизионында қазақстандық 39-позицияға орналасты.

Оған ұйымының рейтингіне кіруге желтоқсанда филиппиндік боксшы, атақты отандасы Мэнни Пакьяоның спарринг-әріптесі Арнел Тинампайдан (25-23-1, 11 КО) басым түсуі себеп болды. Онда Жаңабаев он раундтың қорытындысы бойынша қарсыласын жеңіп, WBA Asia чемпионгы титулын еншілеген еді.

Нұрсұлтан Жаңабаев 2016 жылдың қазан айында профи-рингке алғаш рет шықты. Содан бері алты рет айқасып, оның төртеуін нокаутпен аяқтады.

Соңғы жаңалықтар