Нұрсұлтан Орынбасаров: Бабадан қалған жеріміз, рухымыз, туымыз – бәрі де ұрпаққа аманат

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Белгілі спортшы және жаттықтырушы, қоғам қайраткері, «Аmanat» партиясының мүшесі Нұрсұлтан Орынбасаров партия атауына қатысты пікірін жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII съезінің жаңашылдығы - «Nur Otan» атауы «Amanat» болып өзгергені. Қазақ халқы үшін «Аманат» деген атаудың мағынасы зор. Бабадан қалған жеріміз, дәстүріміз, ұлттық рухымыз, туымыз – бәрі де ұрпаққа Аманат. Сол Аманаттардың ішіндегі ең ірісі – халықтың ел тізгінін ұстаған азаматтарға сеніп тапсырған ұлттың, мемлекеттің болашағы. Әрқайсымыз осы жауапкершілікті сезінуіміз керек.

Еліміз іргелі болып қалыптасу үшін алдымен ұлттық рухты тірілтуді, мәдениетті дамытуды қолға алу керек. Сонда ғана ұрпақ қанымызда бар құндылықтармен қоректеніп, сырттан келген ағымдарға ілеспейтін болады. Осындай елеулі мәселелер партияның ықпалымен жүзеге асады деген ойдамын», - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.


Соңғы жаңалықтар