Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.38 EUR 431.05
RUB 6.02 CNY 55.00
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстанды цифрландыру мәселесі талқыланады

2017 жылғы 13 қыркүйек 10:38 514
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстанды цифрландыру мәселесі талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңес өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-ымен бірге ұйымдастыруда. Шара аясында көрме ашылып, онда мемлекеттік органдардың, отандық компаниялар мен ұйымдардың түрлі бағыттардағы 30-дан астам ІТ-жобалары ұсынылады.

Кеңес барысында Үкімет мүшелерінің барлығы дерлік сөз сөйлеп, өздеріне бағынышты ведомствода цифрлық жобаларды жүзеге асыру барысымен таныстыратын болады.  Мұнан бөлек, ҚР Үкіметінің цифрландыру бағдарламасын жүзеге асырудағы стратегиялық серіктесті BCG «Мемлекеттердің технологиялық көшбасшылық үшін жаһандық бәсекелестігі» тақырыбында баяндама жасайды деп күтілуде.  Жалпы кеңеске АКТ саласындағы халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдардың басшылары, отандық және шетелдік корпорациялардың өкілдері, әлемнің 10-нан астам елінен АКТ саласының компаниялары шақырылған.

Айта кетерлігі, бүгін түстен кейін АКТ саласындағы халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдардың басшылары, отандық және шетелдік корпорациялардың өкілдері, АКТ компанияларының қатысуымен жалпы сессия өтеді. Онда цифрлық экономикаға көшу, стартап экожүйені дамыту, сонымен қатар цифрлық қызметтерді енгізу мәселелері талқыланады. Жаңадан АКТ-стартаптарды бастаушылар мен кәсіпкерлер үшін шеберлік сабақтарын өткізу де жоспарланған.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT