Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы адамзат тарихының жаңа парағын бастайды - араб сарапшысы

None
None
AMMAН. ҚазАқпарат - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы адамзат тарихының, соның ішінде, адамзат қоғамының даму процесіндегі түркілердің көшпелі өркениетінің рөлі жайлы жаңа парағын бастап отыр. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27-ші жылдығына орай Иорданиядағы Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен өткен дипломатиялық қабылдау барысында Таяу Шығыс бойынша сарапшы Мәшһүр Әбу Айт осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәшһүр Әбу Айт Иордания Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің спикері әрі Иордания мемлекеттік «Петра» ақпараттық агенттігінің журналисі. Ол біздің елге бірнеше рет сапарлаған, соның ішінде шетелдік журналистерге арналған баспасөз туры аясында, сондай-ақ 2015 жылы Қазақстанда өткен президенттік сайлаудан және ЭКСПО-2017 көрмесінен  ақпарат таратуға келген.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы адамзат тарихындағы жаңа парақты бастап, Орталық Азия тарихының әрбір маңызды кезеңіне екпін береді. Бұл бастама зерттеушілерге және әлемнің түкпір-түкпіріндегі көшпенділердің өміріне қызығушылық танытқандарға көшпелілер өркениетін, оның мәдени негізі мен адамзатқа қалдырған мұрасын тануына мүмкіндік береді », - дейді Мәшһүр Әбу Айт.

Сарапшының айтуынша, ежелгі кезеңдерде атты қолға үйрету, оны әскери және бейбіт мақсатта пайдалану, ат арқылы Орталық Азияда ұлы жеңістерге қол жеткізу, сондай-ақ металл мен алтын өндіру, өңдеу - адамзат тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.

Мәшһүр Әбу Айт атап өткендей, Елбасының мақаласы арқылы қазақ көшпенділер өркениетінің адамзатқа және оның даму кезеңіне ықпал еткен әсерін әлемге паш етеді. Осы арқылы ата-бабаларының - сақтар мен ғұндардың, еркіндікті сүйетін батыр халықтың өткенін тануға зор әсерін тигізеді.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз тарихын бағалайтын халқына үндеу тастап, өз елінің болашағына зор үміт артып отыр. Өйткені, өткен тарих үшін мақтаныш сезіммен болашаққа баға беру ел жетістігінің маңызды бір элементі болып саналады. Осындай құлшынысы бар халық өз мәдениетін сақтай отырып ешқашан жоғалмайды, ғасырлардың төрінде адасып кетпейді», - дейді араб сарапшысы.

 

Авторы Ризабек Жұмажанов

Соңғы жаңалықтар