Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы португал тілінде жарыққа шығады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Бразилияда португал тілінде жарыққа шығады. Бұл туралы бүгін Астанада бразилиялық әріптесі Алоизио Нунесса Феррейромен кездескеннен кейінгі брифинге ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы жылы португал тілінде Бразилияда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты танымал кітабы жарыққа шығады. Осы арқылы Қазақстан Президенті бастамашылық еткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы оңтүстікамерикалық континентте де тәжірибе жүзінде іске асырылады», - деді Қайрат Әбдірахманов.null 

Министрдің атап өтуінше, Бразилия Оңтүстік Америкадағы Қазақстанның ірі серіктестерінің бірі. Екі ел өзара қашық жерде орналасса да, бізді достықтың, ынтымақтастықтың, сыйластықтың қатынастары біріктіріп келеді.

«Бүгін бразилиялық әріптесіммен екіжақты қатынастарға байланысты барлық салаларды, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді тыңғылықты талқылып шықтық», - деді Қ. Әбідірахманов.null  

Осы орайда министр бүгінде негізгі халықаралық проблемалар тұрғысында Қазақстан мен Бразилияның ұстанымдары сәйкес келетінін атап өтті.

«Кездесу барысында қос тарап инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастыққа айрықша екпін қойды. Осы бағыттарда өзара іс-қимылды нығайтуға қатысты міндеттерді белгіледік. Екі ел арасындағы сауда көлемі 135 млн АҚШ долларынан асты. Жалпы, сауда саласының деңгейін көтеру үшін біздің әлеуетіміз әлі де жоғары екенін айтқым келеді», - деді ҚР СІМ басшысы.null

Мұнымен қоса, ҚР СІМ басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелікке байланысты алдағы дауыс беру процесінде Бразилияға сәттілік тіледі.

«Осыған байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі құрамындағы жұмыс тәжірибемізбен бөлісуге әзірміз. Бұл тұрғыда Бразилияның мүшелігі кезеңінде ҚР Президентінің бастамаларын жүзеге асыру өзінің жалғасатын табатындығына сенімдіміз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар