Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Мәтіндік трансляция

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы басталды. Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.

Жиынға ҚР Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, ҚР Үкімет мүшелері, ҚР Жоғарғы Соты, Конституциялық Кеңесі және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары, ірі қоғамдық ұйымдар жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысуда.

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының мәтіндік трансляциясын таратады.



46. Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Ауыл - Ел бесігі» жобасының басталғанын жариялады. Аталған бастаманың негізгі мақсаты - ауылдардың әлеуметтік ортасын жаңғырту.
***
45. ҚР Президенті 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады.
***
44. Елбасы Ұлттық жаңғыру комитетін құруды тапсырды.
***
43 Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бейімделуді және ұлттық мүддені прагматизм қағидаттарына сәйкес ілгерілетуді талап етеді.
***
42. ҚР Президент Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында Үкіметтің және басқа мемлекеттік органдардың жұмысында бюрократизм мен формализмді қысқартуды тапсырды.
***
41. Жолдау: 2019 жылы мемлекеттік қызметтің 80%, ал 2020 жылы 90%-нан кем емес электронды форматқа ауысады.
***
40. Елбасы: «Мемлекеттік басқару академиясы Назарбаев Университетімен бірлесе отырып «Жаңа формацияның жетекшісі» бағдарламасын әзірлеуі керек».
***
39. «Заң мен құқықтың үстемдігі - біз бастаған реформалардың табысты іске асуының басты факторы» - Н.Назарбаев.
***
38. Елбасы Түркістан жайлы Жансейіт Түймебаевқа: Жаңа облыста жаңа тәртіп болсын!
***
37. ҚР Президенті: Полиция жұмысын сервистік модельге ауыстырған жөн. ІІМ қызметін бағалаудың басты критерийлері - қоғамның сенімі және тұрғындардың қауіпсіздікті сезіну деңгейі болуы шарт.
***
36. Елбасы құқық қорғаушыларды аттестациядан өткізуді тапсырды
***
35. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғаушыларды дайындайтын жоғары оқу орындарының білім беру жүйесін өзгертуді жүктеді.
***
34. Президент полицейлердің жалақысын көтеруді міндеттеді.
***
33. Елбасы: Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша жол картасы әзірленеді. Реформа 2019 жылдың басынан басталуы тиіс.
***
32. Мемлекет бюджеттен бөлінген қаражат тиімді әрі мақсатты түрде жұмсалуы тиістігін тағы ескертті.
***
31. Н.Назарбаев: «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша соңғы жылдары республикалық маңызы бар инфрақұрылымды қалыптастырдық. 2015 жылдан бастап, 3 жылда республика бойынша 2 400 шақырым автожол салынды және жөндеуден өткізілді. Бұл жұмыстар жалғасады және 2020 жылға дейін қосымша тағы 4 600 шақырым жол салынады және жөнделеді. Осылайша, тұтас ел бірінші санаттағы автокөлік жолы желісімен қамтылады.
***
30. ҚР Президенті Үкіметке жаңадан Индустриялық-инновациялық даму, Нұрлы жол, Нұрлы жер, 2025 жылға дейінгі бизнестің жол картасы бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды.
***
29. Үкімет 2025 жылға дейінгі Аймақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеуі тиіс. Аталған құжатта нақты шаралар, жобалар мен қаржыландыру тетіктері көрсетілуі шарт.
***
28. «Орта білім жүйесінде негізгі қадамдар айқындалды. Енді олардың орындалуына екпін қою керек. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқыту әдісінің жүйесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуы тиіс. Бұл ретте, оқыту стандарттарын айтып тұрмын. Осы орайда мектептегі білім беру саласындағы аяғы жоқ реформаларға соңғы шешім болады», - деді Президент.
***
27. Жолдау: Үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешу жүктелді.
***
26. «Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «кедергісіз ортаны» жасау мәселесіне баса назар аудару қажет», - деді Н.Назарбаев.
***
25. Жолдау: Әкімдерге ең алдымен адамдарды алаңдататын барынша өзекті инфрақұрылымдық мәселелерді шешу жүктелді. Бұлар: жергілікті жолдар, әлеуметтік нысандар, орталықтандырған сумен қамтамасыз ету және басқа да тұрмыс-тіршілікке қажетті салалар.
***
24. ҚР Президенті: Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мамандарын жаңа технологиялар бойынша жаппай оқыту керек.
***
23. Жолдау: Аймақ басшыларына қолжетімді жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіп, ең алдымен дәрігерлердің, мұғалімдердің, әлеуметтік және өзге саланың білікті мамандарына жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнасын ішінара субсидиялау мәселесін шегіне жеткізу жүктелді. 
***
22. «Аймақтардың инфрақұрылымың дамыту мақсатында биыл жергілікті жолдардың құрылысына бөлінетін қаржының көлемі 150 млрд теңгеге артты. Ал ауылды жерлерде су инфрақұрылымын тартуға қарастырылған қаражат 100 млрд теңгеге ұлғайды», - деді Н.Назарбаев.
***
21. Елбасы: Тұрғын үй құрылысы бойынша бағдарламаны іске қосу 5 жылдың ішінде 650 мың отбасының немесе 2 миллион адамның баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
***
20. Президент Үкіметке бюджеттің шығыстарына қатысты басымдықтарды әлеуметтік сектор, қауіпсіздік және инфрақұрылымдарға шоғырландыра отырып қайта қарауды тапсырды.
***
19. Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстандықтар сапалы әрі қауіпсіз өнімдерді тұтынуы керек!
***
18. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды бұқаралық спортқа тарту үшін Үкімет мен әкімдерге аймақтарда 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды жүктеді.
***
17. Нұрсұлтан Назарбаев: Учаскелік дәрігерлердің айлығы 20 пайызға көбейеді.
***
16. Елбасы: «ЖОО жетістігінің басты критерийі - оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, олардың айлығы жоғары жұмысқа орналасуы».
***
15. Президент: 2019 жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданады.
***
14. Агроөнеркәсіптік кешеннің бар әлеуетін жүзеге асыру керек. Ондағы негізгі міндет - еңбек өнімділігін ұлғайту, 2022 жылға қарай өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттыру керек.
***
14. Нұрсұлтан Назарбаев: «Ұлттық банк Үкіметпен бірлесе отырып қаржы және нақты секторларды сауықтыру, инфляцияға қарсы кешенді саясат жүргізу мәселелерін жүйелі түрде шешуге кірісуі қажет».
***
13. Мемлекет басшысы: «Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін жыл сайын 30 миллиард теңге бөлінетін болады.
***
12. Жолдау: Ұлттық банк басым бағыттағы өндіріс саласын, шағын және орта бизнесті несиелеу үшін 600 миллиард теңге бөледі.
***
11.Жолдау: Өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлінеді.
***
10. «Экономикалық саясаттың басты бағыты - экспортқа шығу. Әсіресе, шикізатты өңдеу саласына басымдық берген жөн», - дейді Президент.
***
9. Жолдау: Мемлекеттік органдар отандық кәсіпорындардың «қарапайым бұйымдар экономикасы» деп аталатын, халық көп тұтынатын тауарлар тізбесін шығаруды кеңінен игеруіне көмектесуі керек.
***

8. Президент: «Экспортқа бағытталған индустрияландыру - экономикалық саясаттың орталық элементіне айналуы тиіс».
***
7. Президент шағын және орта бизнеске салық амнистиясын жүргізуді тапсырды. Ол бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі қалыптасқан айыппұлдар мен салық борыштары бойынша өсімдер жойылады.
***
6. Президент ТКШ мен табиғи монополия қызметінің тариф саласын ретке келтіруді тапсырды. 
***
5. Елбасы алдағы 3-5 жылда білім мен медицинаға жұмсалатын шығынның мөлшерін ЖІӨ-нің 10 пайызына теңестіруді тапсырды.
***
4. ҚР Президенті: «Ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі - Қазақстанда 275 мың азаматтық қызметкердің табысын орташа есеппен 35 пайызға көтереді».
***
3. Мемлекет басшысы ең төменгі жалақының мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Бұл арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен 1,3 миллион қазақстандықтың кірісі өседі.
***
2. «Еліміз бен Астанамыз халықаралық қауымдастық сенетін жерге айналды. Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық, мәдени орталығы ретінде және өзіміздің болашағымыздың межесі ретінде қамтамасыз ету үшін жаңа елордамызды салдық. Ол бүкіл халқымыздың қуанышы мен мақтанышына айналды. Халық саны осы жылдардың ішінде 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа дейін артты. Тәуелсіздік алған алғашқы жылда Қазақстанда халық саны 14 миллионнан аспайтын еді. Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық», - деді ҚР Президенті.
***
1. «2019 жылғы жұмыстарға арналған Жолдауды бүгін жариялаймын. Біз тәуелсіздік жылдарында сіздермен бірге көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан замануи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Бұл біздің үлкен байлығымыз, сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық конституциялық және саяси реформалар жүргіздік», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар