Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші жатақханасы қандай болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірінші жатақханасының қандай болғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің бірінші жатақханам Теміртаудағы палатка болды. Көшеде боран, аяз, ал біз палаткада 30 адам тұрдық. Бастапқыда комсомоль жолдамасымен Қарағанды металлургиялық комбинатының құрылысы болды. Одан кейін Қарағанды жатақханасын алдық, жетінші қабатта тұрдық, үйдің нөмірі де есімде, онда төрт адам жаттық», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бес әлеуметтік бастамасы аясында салынатын студенттерге арналған жатақхананың қонатын ғана орын емес, дұрыс өмір сүріп, білім алуға да лайықты толыққанды база болуы тиістігін баса атты.

Соңғы жаңалықтар