Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуі әлеуметтік желіде қалай талқылануда
2019 жылғы 20 наурыз 03:56

Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуі әлеуметтік желіде қалай талқылануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтатуы туралы желіге түрлі жазбалар жүктелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әсіресе кішкентай балалар Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент еместігін естіп, жылап қалған.

Балалармен бірге, қазақстандық әйелдердің де Елбасын қимай, орнына жақсы Президент тілейтін аудиожазбалары әп сәтте желіге таралды.

Сонымен бірге, әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азияда өз еркімен кеткен алғашқы президент екені айтылды.Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуі әлеуметтік желіде қалай талқылануда

Тағы бір желі қолданушысы қазақтың өзекті оқиғаға байланысты ат қою ырымын еске салып, Қасымжомарт есімді сәбилердің көбейтетін айтып, сәуегейлік танытты.Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуі әлеуметтік желіде қалай талқылануда

Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтатуын жарнамалық мақсатта қолданған компаниялар да бар. Aviata компаниясы «Бұрынғыдай Назарбаевта жұмыс істейміз» ұранын жариялады. Осылайша, компания өз кеңсесінің Назарбаев көшесі, 137-үйде орналасқанын меңзеген.Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуі әлеуметтік желіде қалай талқылануда

Авангард хоккей клубы да Барыс клубын 5:0 есебімен жеңуі мен Елбасы мәлімдемесін ұштастырып, ұтымды қалжыңдай білді.Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуі әлеуметтік желіде қалай талқылануда

Jańalyqtar

MURAǴAT