+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабы Норвегияда таныстырылды

2019 жылғы 22 қараша 10:03
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабы Норвегияда таныстырылды

ОСЛО. ҚазАқпарат – Норвегия астанасы Ослода Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» атты кітабы таныстырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тұңғыш Президент күніне арналған шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, ядролық қаруға қарсы қозғалыс белсенділері, діни қайраткерлер, дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Шараны Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ақынжанов ашып, Семей полигонының жабылғаны, жаппай қырып-жою қаруынан бас тарту процесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрасы екендігін тілге тиек етті.

Биыл Кеңес одағы Семей түбінде алғаш рет атом бомбасын сынақтан өткізгеніне 70 жыл толды. Полигон ҚР Президентінің 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен жабылды.

Норвегияның белгілі саясаткері, елдің бұрынғы премьер-министрі Кьель Магне Бондевиктің айтуынша, Қазақстан және Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қару аса ауыр зардаптарға әкеп соқтыратынын жете түсінеді әрі «Бейбітшілік кіндігі» еңбегінде оның себептері толық ашып көрсетілген.


Қазақстандық суретші, ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалыстың белсенді мүшесі Кәріпбек Күйіков Семей өңірі тұрғындарының тартқан азабы мен полигонның қоршаған ортаға тигізген зардаптары жайлы, Қазақстан халқының сынақтарды тоқтату және Н.Назарбаевтың полигонды жабу туралы шешімі үшін жүргізген күресі туралы әңгімелеп берді. Шара қонақтарын «АТОМ» жобасын (www.theATOMProject.org) қолдап, ядролық қарудан таза әлем құру туралы петицияға қол қоюға шақырды.

Тұңғыш Президент – Елбасы Қорының Атқарушы директоры Әсет Исекешев, бұрынғы Премьер-министр Кьелл Магне Бондевик, Норвегияның Сыртқы істер министрі Инне Эриксен-Сорейде, NUPI бұрынғы директоры Сверре Лодгард кітаптың норвег тіліндегі басылымына қатысты алғы сөз сөйледі.


«Бейбітшілік кіндігі» кітабын норвег тіліне саясаттанушы, халықаралық қатынастар маманы, кәсіби аудармашы Николай Геров аударды. «Steffen Grafisk Tilrettelegging» баспасынан жарық көрді. Еске салсақ, дәл осы баспа 2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабын да норвег тілінде шығарған болатын.









Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT