USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары Америка сарапшыларының қызығушылығын туғызды

2015 жылғы 2 қазан 14:54
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары Америка сарапшыларының қызығушылығын туғызды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ 70 жылдық мерейтойлық сессиясында көтерген бастамалары әлемде қазіргі таңда орнаған тәртіпке айтылған жауап болды. Осындай ойымен АҚШ-та іссапарда жүрген саясаттанушы Санжар Боқаев бөлісті.

Бірқатар жоспарлы кездесу барысында ол белгілі сарапшылардың ой-пікірімен жеке танысуға мүмкіндік алды.

«Шын мәнінде, Қазақстан басшысының идеялары Еуразия мен Орта Азия аймағын зерттеп жүрген сарапшылардың арасында үлкен қызығушылық туғызды. Бұған дейін де БҰҰ моделінің ескіргендігін көп сарапшы айтып келген болатын. Назарбаевтың ойлары барлық ұйымды қайта қалыптастыру контексінде оларға қызықты болып көрінді. Қазақстан басшысының сөзінен «Әлемді жаңғырту» туралы аңғарған сарапшылар көп болды. Яғни, оның идеясы қазіргі заманда қалыптасқан әлемдік тәртіпті өзгерту туралы болды. БҰҰ сарапшылары аймақтық қақтығыстарды оңтайлы шешетін Қазақстанның БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне қатысуын оң бағалап отыр», - деді С.Боқаев.

Айта кету керек, қыркүйектің 29-ында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ 70 жылдық мерейтойында қазақ тілінде баяндама жасады. Өз сөзінде ол 2045 жылға дейінгі жаһандық даму жоспарын құруды ұсынды.

Сондай-ақ, Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының трибунасынан ұлттық әлемдік валютаның құрылуы мен терроризмге қарсы күрестің бірыңғай әлемдік желісін құру мәселелерін тілге тиек етті.

Н.Назарбаев жаһандық дағдарыспен күресті қазіргі кезде заңдылық, демократиялық, бәсекелестік, тиімділік және халықаралық бақылау ұстанымдарына сай келмей отырған эмиссия мен әлемнің резервтік валюталары айналымын реттеуден бастау қажет екендігін атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT