Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы инаугурациясы қалай өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 16-17 желтоқсанда Қазақстанда басты мереке - Тәуелсіздік күні аталып өтеді. «Мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігі туралы» заң 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінде қабылданды. Бұл іс-шара сол күні бұқаралық ақпарат құралдарында қалай көрсетілген және Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы инаугурациясы қалай өткенін «ҚазАқпарат» ХАА бұрынғы және қазіргі тілшілері еске түсірді.

90-жылдардың басында агенттік ҚазТАГ деп аталды.

Алматыдағы корреспонденттік бюроның бұрынғы жетекшісі Сара Мұстафина біздің тілшімізге Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған күн туралы айтып берді.

«1991 жылдың 16 желтоқсаны - біздің мемлекет үшін өте маңызды тарихи күн. Қазақстан тәуелсіздік алды, әлем картасында жаңа мемлекет пайда болды. Біз бұл хабарламаны бас редактор Тамара Георгиевна Толикинамен оқып, оны барлық бұқаралық ақпарат құралдарына жібердік.Үш сағаттан кейін бірінші болып Қазақстанды Түркия мемлекеті мойындады. Бұл жаңалық «ҚазТАГ хабарлағандай»,– деген тақырыппен бүкіл әлемге тез тарады. Содан кейін көптеген елдердің осыған ұқсас басқа ресми мәлімдемелері шықты. Сол кездегі жас мемлекеттің - жаңа басқару саясатын қалыптастыру, өзінің құрылымдары мен бөлімдерін құру, олардың бірінші басшыларын тағайындау және тағы басқалар біздің агенттіктің жаңалықтар лентасында көрініс тапты», - деп еске алады Сара Мұстафина.


Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент ретінде алғашқы ант беру рәсімі 1991 жылы 10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында Жоғары Кеңес депутаттарының қатысуымен өтті. ҚазТАГ (қазіргі «ҚазАқпарат» - автор) фототілшілері сол күннің куәсі болды.


«Ұлықтау Алматыдағы Ленин сарайында (қазіргі Республика сарайы) өтті. Онда көптеген журналистер мен фотографтар болды.Олардың ішінде бізде бармыз. Барлық БАҚ шақырылды, сондықтан іс-шараға қатысу қиын болған жоқ.Барлығы жақсы өтті. Салтанатты рәсім 1,5-2 сағатқа созылды. Президент күлімсіреп, өзін лайықты ұстады. Ол ақсақалдар шапан жауып, әдемі белбеуді ұсынғанда байыпты болды. Менде тіпті фотосурет бар», - дейді агенттіктің бұрынғы фотографы Анатолий Устиненко.


Алматыдағы алғашқы инаугурацияда ақын Шәкер Әбенов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа бата беріп, иығына шапан жапты. Бұл сәтті фототілші Александр Павский түсіріп алды.

«Бұл күні ҚазТАГ-тан үш фототілші болды - Иосиф Львович Будневич, Анатолий Устиненко және мен. Мен бұл тарихи сәтті түрлі-түсті суретке түсірдім. Содан кейін бәріміз кеңсеге барып, фотоларды шығардық. Басылымдарға ең сәтті және әдемі шыққандарын таңдап алдық.Әрине, басшылықпен келісе отырып. Содан кейін, курьер арқылы сол кездегі барлық газеттерге жеткізілді. Олар бірінші беттерінде жариялады»,– деп еске алды Александр Павский.


Соңғы жаңалықтар