+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаевқа «Түркі дүниесінің жандану сыйлығы» берілді

2019 жылғы 12 желтоқсан 11:30
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаевқа «Түркі дүниесінің жандану сыйлығы» берілді

АНКАРА. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Түркі дүниесінің жандану сыйлығы» берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Анкарадан.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне көңіл айтты Елбасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорын қабылдады Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Сыйлықты Түркияның Азаттық алуының 100 жылдығына (1919 жылғы 19 мамырда) орай Түркі дүниесі жазушылар және өнерпаздар қоры тағайындаған болатын. Бұл марапат алғаш рет беріліп отыр және оған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев лайық деп танылды.

Сыйлықты Түркия Парламентінің төрағасы Мұстафа Шентоп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған қабылдау кешінде Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлына табыстады.

«Дос және бауырлас Қазақстан халқын ел Тәуелсіздігіне 28 жыл толуымен құттықтаймын. Осындай қуанышты бөлісуді үлкен бақыт деп айтар едім. Түркия Қазақстанның Тәуелсіздігін таныған алғашқы мемлекет болғанын мақтан тұтамыз. Қазақстанның қуанышы – біздің қуанышымыз. Қазақстанның тағдыры – біздің тағдырымыз. Біз Қазақстанның дамуға бастаған жолдағы үлкен жетістіктерін әрқашан назарда ұстаймыз және әрдайым қуанамыз. Түркия мен Қазақстан қарым-қатынасы екі мемлекет байланысынан бөлек, бір атаның ұрпақтарының достығы да болып саналады. Яғни, бізді байланыстырып тұрған тек мемлекетаралық қатынас емес», - деді Мұстафа Шентоп.

Айта кетейік, 11 желтоқсанда Түркия астанасы Анкарада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні тойланды. Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен өткен ресми қабылдауға Түркия Республикасы атынан бас қонақ ретінде Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп, бұрынғы министрлер, елшілер, инвесторлар, дипломатиялық миссия, зиялы қауым, іскер топ, диаспора мен БАҚ өкілдері қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT