Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазан федералдық университетінің «Құрметті докторы» атағы берілді

None
None
ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасына жұмыс сапарымен келді. «Қазан» халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Татарстан Президенті Рустам Минниханов және республика басшылығы қарсы алды.

Мемлекет басшысының жұмыс бағдарламасы Қазан федералдық университетінен басталды. Онда Қазақстан Президентіне университеттің «Құрметті докторы» атағы берілді.

Салтанатты рәсімге Татарстан Президенті Рустам Минниханов қатысты.

«Біз қазақ халқының біртуар перзенті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қошемет білдіреміз. Қазақ пен татар - тағдырлас халықтар. Біздің менталитетіміз бен руханиятымыз жақын. Ортақ мерекелеріміз бен дәстүрлеріміз көп. Бір-бірімізбен тіл табысуымыз үшін бізге аудармашы қажет емес. Екі ұлттың қарым-қатынасы тереңге кетеді. Соның маңызды тұсының бірі - Қазан университеті»,  - деді ҚФУ ректоры Ильшат Ғафуров.

Тарихи қалыптасқан байланыстар туралы айта келе, ол ХІХ ғасырдағы қазақтың белгілі мемлекет қайраткері Жәңгір ханның университетке жанашыр болып, онда қазақ жастарының білім алуы үшін көп күш салғанын тілге тиек етті. Жәңгір ханның арқасында университеттің Базарбай Мәметов, Мұхамеджан Қарабаев, Шавкат Бекмұхаметов сынды көптеген  түлектері белгілі мемлекет және қоғам  қайраткерлері, ғалым, ағартушы болып жетілгенін айтты.

«Қазанда оқыған қазақ халқының перзенттері ұлттық интеллигенцияның белді буынына айналып, Қазақстанның қоғамдық, саяси, мәдени және ғылыми өмірінде өшпестей із қалдырған», - деді ҚФУ ректоры.

Осы орайда ректор екі республика арасындағы тығыз экономикалық және мәдени байланыстарға тоқталды.

«Мұның бәріне Қазақстанның саяси тұрақтылығы мен ашықтығының арқасында қол жетіп отыр. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алатын орны орасан зор. Нұрсұлтан Әбішұлының кәсібилігі мен беделі елдеріміз және республикаларымыз арасындағы ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынастарын нығайту мен дамытудың басты факторы болды», - деді ол.

«Осы фактілер мен Қазақстан Президентінің Қазақстанның ғылыми, білім беру ұйымдары мен біздің университет арасындағы достық, серіктестік қатынастарды дамытудағы рөлін ескере отырып, Қазан федералдық университетінің Ғылыми кеңесі 2017 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасының Президенті, экономика ғылымдарының докторы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлына «Қазан федералдық университетінің Құрметті докторы» атағын беруге бірауыздан шешім қабылдады», - деді И. Ғафуров.

Өз кезегінде, Қазақстан Президенті республика басшылығына ыстық ықылас үшін алғыс білдіріп, университеттің бай академиялық және ғылыми базасын, инновациялар саласындағы іс жүзіндегі жетістіктерін атап көрсетті.

«Сонау 1804 жылы құрылған Қазан федералдық университеті - Ресейдің ең көне жоғары оқу орындарының бірі. Ол әлемнің үздік 350 жоғары оқу орны тізіміне кіреді. Осындай беделді ЖОО-да қазақстандық жастардың білім алып жатқаны қуантады. Қазіргі таңда мұнда түрлі бағдарламалар бойынша 500-ден астам қазақстандық студенттер, ал бүкіл Татарстанда 1 217 ұл-қызымыз оқып жүр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар