Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ашхабадқа келді. Сапар аясында Қазақстан Президентінің Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуі жоспарланған.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысып, Қазақстанның ұлттық құрамасымен және спорт делегациясымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар