Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресейге барады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап.

«6-7 қыркүйек күндері Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Іссапар барысында Елбасы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесіп, Ауыл шаруашылығы жетістіктері көрмесі аумағындағы «Қазақстан» ұлттық павильонын аралайды және Мәскеудегі қала күні мерекесіне орай өтетін іс-шараларға қатысады», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.





Соңғы жаңалықтар