Нұрсұлтан Назарбаев жетекші әлемдік және отандық БАҚ-қа сұхбат беруі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен түрлі тақырыпта сұхбат беруін өтінген өте көп хат келіп түсті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұңғыш Президент атына отандық және шетелдік БАҚ өкілдерінен түрлі тақырыпта сұхбат жазу өтінішімен өте көп хат келіп түсті. Қазір бұл жобаларды ұйымдастыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Журналистер тарапынан сауал өте көп. Өкінішке орай барлық жобаға қатысу мүмкін емес. Дегенмен, Елбасы қазірдің өзінде бірнеше сұхбат жазды. Сонымен қатар жетекші әлемдік және отандық БАҚ үшін сұхбат ұйымдастыру мәселесі пысықталып жатыр», - деді Айдос Үкібай.

Сонымен қатар ол таяуда Елбасының бақ ішіндегі серуендеген сәті бейнелеген суретке қатысты пікір білдірді. Оның атап өтуінше, бұл сурет арнаулы фото сессия барысында түсірілмеген.

«Егер нақтырақ айтар болсақ, Нұрсұлтан Назарбаев кәсіби фотосессияға соңғы рет 2013 жылы қатысқан болатын. Содан кейін ешқандай фотосессия ұйымдастырылған емес. Әрине, баспасөз қызметіміздің тарапынан да, өзге фотографтардан да ұсыныс болды. Бірақ, бұл мәселе әзірше күн тәртібінде тұрған жоқ», - деді Елбасының баспасөз хатшысы.


Соңғы жаңалықтар