Нұрсұлтан Назарбаев жастарға үлгі боларлық батырларды атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда табылған жәдігерлер Мысыр пирамидаларынан да бұрын жасалған. Бұл туралы Елбасы - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлы даланың жеті қыры» деген мақаламда біздің қай заманнан бері келе жатқанымызды айтып өттім. Біздің қазақтың жастары шетелге барғанда «сендер кімсіңдер, қайдан шықтыңдар» деген сұраққа жауап бере алмайды. Біздің түп-тамырымыз 3-5 мың жыл арыда жатқаны мына мұрайжайда барлығынан көрініп тұр. Біздің жерімізде табылған жәдігерлер осыдан 5-6 мың жыл бұрын Мысырдың пирамидасынан да ертерек жасалғаны көрініп тұр», - деді ҚР Президенті «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен кездесуінде. 

Мемлекет басшысының айтуынша, ерте замандарда-ақ қазақ жерін мекендеген халықтар  металлургияны игеріп, оны жоғары деңгейге көтерген. Ал дүниежүзінде қазақ жерінде ең бірінші болып атты үйретіп, мінуді  қазіргі зымыранды игерумен теңеуге болады.

Сонымен қатар, Елбасы бүгінгі жастарды үлгі боларлық батырларымыз бүгінгі күні де көп екендігін баса айтты.

«Сендердің үлгі боларлық ағаларың көп. Кешегі екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы  бар. Арыға бармай-ақ қояйық, араларыңызда Армия генералы Алтынбаев, ауған соғысына қатыстан генерал Ертаев, Ауғанстандағы қан майданнан шыққан  Бақытбек Смағұлов отыр», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар