+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев жастар жайлы: Жақсырақ жұмыс істейтінін көріп отырмыз

2019 жылғы 21 тамыз 15:34
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев жастар жайлы: Жақсырақ жұмыс істейтінін көріп отырмыз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып келгендерге мүмкіндік беру керек. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында «Nur Otan» қызметкерлері халықпен сөйлесу мәдениетіне үйренуде Нұрлан Нығматулин: Nur Otan фракциясы жаңа форматта жұмыс істейді ЖОО-дағы пара, сайлау, БАҚ-қа күш көрсетер шенеунік - «Nur Otan» Саяси кеңесінде не айтылды

«Болашақ» қауымдастығында үлкен әлеует бар. Қауымдастық қазіргі таңда 10 мың адамды біріктіріп отыр. Бәрін де бір кездері мемлекет оқуға жіберді. Ал қазір ата-аналар балаларын шетелде оқытуға одан ары құмар. Бүгінгі таңда Қазақстан сыртында біздің 60 мыңға тарта отандасымыз оқып жатыр. Тіпті, одан да көп болуы мүмкін. Ресейдің өзінде ғана – 16 мың. Олар келіп, жұмысын істейді. Олармен жұмысты жалғастыру керек», - деді Тұңғыш Президент.

Елбасы бір кездері «Болашақ» бойынша оқу бітіріп келгендер жаппай облыстарға тарап, еңбек еткенін еске алды.

«Олар аудан және облыс әкімдерінің орынбасары болды. Неліктен бұл жұмыс тоқтап қалды? Міне, мәселен, біз оқуға жібергендердің бірі – Алтай Көлгінов. Кезінде біз оны арнайы оқуға жібердік, ал бүгін ол қала басшылығында отыр. Осындай азаматтар көп. Бәрін не үшін дайындадық? Қазір отырып алып, орындықты бергіміз келмейді. Олардың жақсырақ жұмыс істейтінін көріп отырмыз. Әйтпесе, бір жерге тоқтап, дамымай қаламыз. Сол себепті, келесі жылдың көктемінде өтетін «Jas Otan» съезінде білімді жастарды жұмылдыруды талқылауды ұсынамын», - деді Елбасы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT