Нұрсұлтан Назарбаев Зәмзәгүл Шәріпованың жақындарына көңіл айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі, театр және кино өнерінің майталманы Зәмзәгүл Шәріпованың туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы ұлттық драматургия саласындағы талантты актерлер шоғырының белді өкілдерінің бірі болатын. Оның кинода және театр сахнасында сомдаған айшықты рөлдерін өнерсүйер қауым әрдайым қызыға тамашалады. Ол ешкімге ұқсамайтын қайталанбас қолтаңбасы арқылы өз саласында айрықша із қалдырды.

Зәмзәгүл Шәріпованың қазақ өнеріндегі ерекше орны мен жарқын дидары ешқашан ұмытылмайды деп сенемін», - делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар