Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы дала» xалықаралық форумына сәттілік тіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұйымдастырған «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар форумы өз жұмысын бастады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына арналған форумның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен БҰҰ, ЮНЕСКО, ИСЕСКО, ECO Science Foundation, Түркі кеңесі, ТҮРКСОЙ, ТүркПА сынды халықаралық ұйым басшылары мен өкілдері қатысты. Сонымен бірге дипломаттар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, іргелі зерттеу орталықтарының басшылары, көрнекті ғалым-зерттеушілер қатысқан алқалы жиынды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөзімен ашып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Құттықтау хатын оқып берді.

Елбасы құттықтауында: «Сіздерді «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар форумының ашылуымен құттықтаймын! Ұлы дала - Еуразия кеңістігін мекендеген халықтардың мың жылдық байланыстарының шежірелі куәсі, Батыс және Шығыс өркениеттерін тоғыстырған тоғыз жолдың торабы. Оның географиялық ауқымы алыс көкжиектерді қамтиды, тарихи тамыры тереңнен таралады, бай мәдени мұрасы бүкіл адамзаттың ортақ игілігі, сондықтан бүгінгі форумның тақырыбы ынтымақтастырушы қуатқа ие символикалық мәні бар деп танимын. Менің бастамам бойынша құрылған Халықаралық Түркі академиясы екінші мәрте мұндай форматтағы алқалы жиынның өтуіне ұйытқы болып, биыл рухани жаңғыру мәселесін қолға алып отыр. Осы арқылы Еуропа мен Азия арасындағы алтын көпір саналатын Астананың өз қақпасын әлемдік ғылымға айқара ашқаны мағынасы зор оқиға!», - дей отырып, форум жұмысына сәттілік тіледі.

null 

АҚШ, Венгрия, Германия, Қытай, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Ресей мен түркі мемлекеттерінен келген 200-ге жуық ғалым-зерттеушілер мен сарапшылар 6 панельді отырыста мазмұнды баяндамалар жасап, Елбасы мақаласында көтерілген міндеттер мен тақырыптар төңірегінде пайымды пікірлерін ортаға салады.

«Рухани жаңғыру жолында», «Ғылым киесі: ғылыми интеграция және ортақ құндылықтар», «Тарихи жады және болашаққа көзқарас», «Түркі әдеби дәстүрі және қазіргі кезең», «Түркі тілдері: зерттеу, қорғау және дәріптеу», «Әлем өркениетіндегі Түркі мәдени мұрасы» атты алты секцияда ғылымды дамыту мәселелері, қазақ тілінің латын әліппесіне көшуі, киелі жерлер мен қастерлі мекендерге арналған «Туған жер» бағдарламасы сынды мәселелер талқыланып, сындарлы пікірлер айтылады деп күтілуде.

null 

Сонымен бірге, биылғы форум аясында TWESCO Түркі әлемі ғылымына сіңірген ерен еңбегі мен бауырлас халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Мырзатай Жолдасбекұлы Жолдасбековты алтын медальдармен марапаттады.

Бұдан бөлек, шара барысында TWESCO соңғы жылдары шығарған кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды.

null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар