Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
2019 жылғы 27 тамыз 17:00

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті ұсынған ел экономикасының одан әрі өсуін ынталандыру шаралары талқыланды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа инфляцияның қазіргі жағдайы мен елімізде несиелік-қаржылық саясатты жүзеге асыру барысы жөнінде мәлімет берілді.

Jańalyqtar

MURAǴAT