Нұрсұлтан Назарбаев: ҰҚШҰ-ға төрағалық ететін Қырғыз еліне барлық көмекті көрсетеміз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына төрағалық Қырғыз Республикасына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Біздің кездесуіміз  сенім, ашықтық жағдайында өтіп, ұжымдық қауіпсіздіктіміздің жалпы міндеттері талқыланды. Елдеріміздің қауіпсіздік мүддесі үшін мемлекеттердің өзара іс-қимылының іс жүзінде барлық мәселелері қаралды. ҰҚШҰ-ны дамытудың негізгі бағыттары, халықаралық және өңірлік саясаттың өзекті проблемалары бойынша конструктивті пікір алмасу болды. Ұйымға Қазақстан төрағалығы басымдықтарының орындалу қорытындысы шығарылды. Бірлескен әрекеттеріміздің арқасында алға қойылған әрбір міндет бойынша нәтижеге қол жеткізілді.  Толықтай алғанда, мүше мемлекеттер біз атқарған жұмыстарға жоғары баға берді», - деді Елбасы БАҚ өкілдеріне арналған мәлімдемесінде.

Қазақстан Президенті бүгін  ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты одан ары нығайтуға және ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруге бағытталған маңызды шешімдердің қабылданғанын баса айтты.

«Біз әлемде орын алып жатқан саяси және экономикалық ахуалды, өңіріміздегі, әсіресе оңтүстік бөліктегі Ауғанстандағы барлық қиындықтарды талқыладық және де осы барлық мәселелер бойынша шешім қабылданды. ҰҚШҰ саммитінде қабылданған басты саяси құжат қорытынды декларация саналады. Онда алдағы кезеңге арналған ұйымның міндеттері, жоспарлары көрініс тапқан», - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚШҰ-ға төрағалықтың келесі сессияаралық кезеңі Қырғыз Республикасына өтетіндігін айтты.

«Оның жоғары ұйымдастырушылық деңгейінде өтіп, ұйымызды одан ары жан-жақты дамытуға айтарлықтай үлес қосатындығына сенімдіміз. Бізде бұл істе барлық көмекті көрсететін боламыз», - деді Қазақстан Президенті.

Бұған дейін елордада Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталғанын хабарлаған едік.

 

 

Соңғы жаңалықтар