Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы қолөнершілер жәрмеңкесін тамашалады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Craftsman-2019» халықаралық қолөнершілер жәрмеңкесін тамашалады. Республика деңгейінде алғаш рет ұйымдастырылған шараға елімізбен қатар алыс-жақын шетелден қолөнершілер қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы жәрмеңкеге қойылған бұйымдарды аралап көріп, қолөнершілердің еңбегіне дән риза болды.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, халықаралық деңгейде ұйымдастырылған шараға Иран, Үндістан, Ресей Федерациясы, Ауғанстан, Өзбекстан, Түркия, Қырғыз Республикасы, Әзербайжан, Тәжікстан, Башқұртстан, Якутия елдерінен 200-ге жуық қолөнерші қатысуда. Ауқымды шараға сонымен бірге ҚР «Қолөнершілер бірлестігі», Нұр-Сұлтан қаласынан «Қадам» өнер орталығы, «Дешті Арт» бірлестігі, «Әзірбайжан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтарға қызмет көрсету және әлеуметтік инновация мемлекеттік агенттігі жанындағы ABAD» қоғамдық құқықтық заңды тұлғасы мен Қырғызстан Республикасының «Алаш» қолөнершілер бірлестігі де арнайы шақырылған.

Халықаралық жәрмеңкенің мақсаты - ұлттық қолөнерді дамыту арқылы Ұлы Жібек жолы бойындағы Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі ірі ұлттық қолөнер орталығына айналдыру мен этникалық туризмді өркендету.

Іс-шара аясында алаша тоқудан, керамика, тері, темір және шыныдан қолөнер бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сабақтары мен қазақтың ұлттық киімдерінің көрсетілімі болды.

Соңғы жаңалықтар