+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы «Керуен-Сарай» туристік кешеніне барды

2021 жылғы 11 мамыр 20:47
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы «Керуен-Сарай» туристік кешеніне барды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті Түркістандағы «Керуен-Сарай» туристік кешенінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Назарбаев мектебін бітірген әрбір төртінші түлек Назарбаев Университетіне түскен Елбасы «Астана» ХҚО-сын басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті

«Елбасы «Керуен-Сарай» белгілі туристік кешенінің жұмысымен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев «Алтын Самұрық» Ұшатын театрға барып, «Қыз қуу» және су үстіндегі театрландырылған шоуды тамашалады», - деп мәлім етті Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Бір шақырымға созылған кешенде төрт мың адам жұмыс істейді. Жобаға салынған инвестиция көлемі – 87 млрд теңге. Ерекше стильде салынған нысан Ұлы Жібек жолындағы сауданы елестеді. Мұнда қонақ үйлер, мейрамханалар, фуд-кордтар, шығыс базары, қолөнершілер көшесі секілді сауда және ойын-сауық орталықтары бар. Кешен ішіндегі сауда нысандары мен ойын-сауық орталықтарын су арнасы біріктіреді. Қайыққа отырып кез келгеніне жүзіп баруға болады. Сондықтан «Керуен-Сарайды» «Қазақстандағы Венеция» деп атайды.


Алып кешеннің жобасын «Turkistan Tourism City» компаниясы іске асырған. Кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсан айында басталып, нысан 20,5 га аумақта орналасқан. Кешенге Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «ұшатын театр», ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы кіреді.

Бұл ретте, барлық құрылымдар су арнасы арқылы байланыстырылған, онда судағы «қайық шеруі» театрландырылған шоуы өткізіледі. «Керуен-Сарай» кешенінің Орталық Азияда баламасы жоқ және ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен кейін өңірге туристер мен инвестицияларды тартатын басты орталыққа айналады деп күтілуде. Жібек жолының тарихи сауда көшесін құру есебінен туристерді тарту және туризмді, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту жоспарланған. Қазір осынау кешенді көрсем, тарихымен таныссам деп көрші мемлекеттерден, ел ішінен туристер көптеп келуде.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT