Нұрсұлтан Назарбаев туған жеріне барады

None
None
ШАМАЛҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы Шамалған елді мекеніне барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тұңғыш президентінің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығын аралайды деп жоспарланған. null

Дәл осы уақытта жергілікті халық Елбасымен кездесу үшін орталық алдына жиналуда.

«Біз бүгін өзіміздің жерлесіміз, дара тұлға - Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуге келіп тұрмыз. Әлбетте, біз Елбасымен жерлес болғанымызды мақтан тұтамыз. Алла тағала ол кісіге денсаулық берсін», - деді жергілікті тұрғын.null

ҚР Тұңғыш президенті Шамалған ауылының тұрғындарымен де кездеспек.

Еске салсақ, наурыз айының соңында Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға сапарлап келген болатын. Алматы әуежайында ҚР Тұңғыш Президентін жастар гүл шоқтарымен қарсы алды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесу өткізді.

Соңғы жаңалықтар