+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Елбасы трансшекаралық суларға қатысты Қазақстанның ұстанымын жариялады

2018 жылғы 10 қазан 10:19
Бөлісіңіз:
Елбасы трансшекаралық суларға қатысты Қазақстанның ұстанымын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Шекаралық су арналары туралы конвенцияға мүше елдері кеңесінің VIII сессиясы басталды. Аталған шара Азия аймағында алғаш рет өтіп отыр. Осыған орай, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отырыс қатысушыларына өз үндеуін жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаһандық маңызы бар осындай жиын Азия аймағында алғаш өткізіліп отыр. Конвенцияға қатысушы елдердің саны артып келеді. Демек, дүниежүзінде су ресурстарын пайдалану проблемасының маңызы артты. Су - шектеулі ресурстардың бірі. Оның тапшылығы әлемнің көптеген аймақтарында тұрақты дамуға кедергі келтіріп отыр. Ал су көздері үшін күрес геосаясаттың құралына айналып, сан алуан текетірестерге себеп болуда. Жер-жаһанда 260-тан астам трансшекаралық су бассейіндері бар. Соның барлығы жер шарының жартысын алып отыр. Онда барлық халықтардың 40 проценті тұрады. Сондықтан су ресурстары мен трансшекаралық өзендерді пайдалану мәселесі халықаралық қатынастарда басымды бағыттардың бірі болып саналады», - деді Н.Назарбаев өзінің бейнеүндеуінде.

Президенттің айтуынша, Қазақстан осы салада саяси-құқықтық, экономикалық және экологиялық шараларды қолдайды. Ал Шекаралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау туралы конвенция аясында аталған шаралардың барлығы жүйелі түрде атқарылады.

«Бүгінгі сессияда бірқатар маңызды мәселелер қаралады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен жаһандық су проблемасының бірнеше аспектісін атап өтейін деп едім. Біріншіден, халықты және экономиканың кейбір салаларын трансшекаралық өзендердің суымен қамтамасыз ету кезінде инновациялық әдіс-тәсілдерді жан-жақты пайдалану қажет. Екіншіден, су ресурстарын пайдаланудың әлемдік стратегиясы су үнемдеу технологияларына негізделуі керек. Үшіншіден, су арналарын ластауды қысқарту шараларына басымдық берген жөн. Төртіншіден, осы салада ғылыми-техникалық ынтымақтастықты күшейтуіміз керек. Әсіресе, кәсіби инженер мамандарды даярлау жұмысына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Себебі дәл сол мамандар сумен қамтамасыз ету және экология саласындағы күрделі мәселелерді шеше алады. Осының бәрін қолға алсақ, бірлескен жұмыстың тиімділігі арта түседі», - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT