+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев Токиоға келді

2019 жылғы 21 қазан 17:56
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев Токиоға келді

ТОКИО. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті МАГАТЭ-нің экс-басшысы Елбасыға: Ядролық қарусыздану саласында жетекші рөліңізді дәлелдедіңіз Қазақстан-Жапония серіктестігі Нұрсұлтан Назарбаевтың әрдайым ерекше назарында болды - сарапшы

«Император Акихитоның өз еркімен өкілеттігін тоқтатуы осыдан екі ғасыр уақыттан кейінгі айрықша оқиға болып отыр. Сол себепті, 2017 жылы ол өз өкілеттігін тоқтатуы үшін арнайы заң әзірленіп, қабылданған еді. Жалпы осы уақытқа дейінгі қабылданған Император үйі туралы заңда императордың өз еркімен өкілеттігін доғаратындығы жазылмаған. Сондықтан бұл шара - Императордың таққа отыру салтанатты рәсімі жапон халқы үшін қасиетті саналады», - деді Қазақстанның Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Баударбек-Қожабаев қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Қазақстан Елшісінің дерегінше, қазіргі уақытта 177 елдің делегациясы Жапонияның императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысатындығын растаған. Олардың қатарында Мемлекет және Үкіметтер басшылары, сыртқы істер министрлері бар.

«Жапон Үкіметі, оның ішінде Үкімет басшысы Синдзо Абэ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы жолғы сапарына зор ризашылық танытып, өз құрметін білдіріп отыр. Себебі, осыған дейін айтқанымдай, жапон халқы үшін императордың таққа отыруы қасиетті мәнге ие», - деді Қазақстан Елшісі.

Естеріңізге сала кетейік, Жапония Үкіметі 2019 жылдың 1 мамырында жаңа империялық кезеңнің басталғанын жариялады. Бұл кезең «Рейв» дәуірі деп аталады. Қазақ тіліне аударғанда - «тәртіп», «үйлесім» және «гүлденген әлем» деген мағына береді. Қазіргі «Хэйсэй» деп аталатын дәуірдің атауы Қытай әдебиетінен алынған болатын. Мағынасы - «әлем жетістігі». Ол дәуір 1989 жылдың қаңтарында, Хирохито император қайтыс болған кезде басталған еді. Оның ұлы Акихито Жапонияның 125-ші императоры ретінде 30 жылға жуық уақыт билік құрды. Сөйтіп, өз еркімен тақтан бас тартты. Ол бұл шешімін жасының ұлғайғанымен түсіндірді. Ханзада Нарухито таққа 1 мамыр күні отырды.

Фото: twitter.com/aidos_ukibay

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT