Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан президентімен кездесті

None
None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Душанбеге келген бойда Тәжікстанның Президенті Эмомали Раxмонмен «Коxи Самон» резиденциясында кездесті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.    

«Қазақстан мен Тәжікстан арасында сенімді қарым-қатынас орнаған. Біз әрдайым Тәжікстанға көмек те, қолдау да көрсетіп отырамыз. Бүгінде біз осы ынтымақтастықты тереңдетіп, өзара сауданы дамытуға мүдделіміз. ТМД аясындағы интеграцияны күшейтуіміз керек», - деді Н. Назарбаев жүздесу барысында.

Өз кезегінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон екі елдің арасындағы байланыстардың стратегиялық сипатта дамып жатқанын жеткізді.
«Қазақстан біздің негізгі стратегиялық әрі экономикалық әріптесіміз болып саналады. Бүгінде біздің сауда-экономикалық байланыстарымыз нығайып келеді», - деп атап көрсетті Э.Рахмон.

Осы орайда Тәжікстан басшысы Қазақстан Президентінің халықаралық дәрежедегі беделін ерекше атап өтіп, саяси және экономикалық қолдау үшін өз алғысын білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Кеше Мемлекет басшысы ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбе қаласына келді Вчера Президент Казахстана прибыл в город Душанбе для участия в заседании Совета глав государств СНГ

Публикация от AkordaPress (@akordapress)



Биыл Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толып отыр. Өткен жылы екі елдің сауда-саттығы 776,3 млн АҚШ долларына жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 31,5 процентке артық. Қазақстанның Тәжікстанға жасаған экспорты 458,7 млн долларды құраса, Тәжікстаннан келген импорт 317,6 млн долларға жетті. Қазақстаннан тасымалданатын тауарлардың ішінде бидай, ұн, күнбағыс майы, құрылыс материалдары, мұнай және мұнай өнімдері бар. Ал Тәжікстаннан, көбінесе, көкөніс, жидек, қорғасын, цинк пен мыс концентраттары жеткізіледі. Осы саладағы жұмысты Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия үйлестіріп отырады.

Бүгінде Тәжікстан нарығында «Қазкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ, «JTI Kazakhstan» темекі компаниясы, TOO «Teksan Kazakhstan Invest» (жарық және электротехникалық өнімдерді шығаратын зауыт), «Alina» компаниясы, «Пеноплэкс Қазақстан» зауыты, «ЗЕРДЕ Керамика» компаниясы, алюминий профильдерін шығаратын «Galaksi» компаниялар тобы, «ЦЕСНА» холдингі, Бірлескен астық компаниясы сияқты кәсіпорындар табысты жұмыс істеп келеді. Бұдан бөлек, қазақстандық инвесторлар «Оби Зулол» ЖАҚ жұмысына қаржы салып отыр. Аталған кәсіпорын су және сусындарды шығарады. Акцияның 65 проценті «Бейбарс и К» ЖШС-на тиесілі. Ал пропилен қаптарын шығаратын «Сугд пак» ЖШҚ-сына 100 процент қазақстандық капитал құйылды.
null 

«Локомотив кұрастыру зауыты» АҚ мен «Рохи охани Тоджикистон» мемлекеттік унитарлы кәсіпорын («Тәжікстанның темір жолы» компаниясы) арасындағы ынтымақтастық та ойдағыдай дамып жатыр. Бұған дейін тараптар ТЭ33А «Evolution» үлгісіндегі тепловоздарды Тәжікстанға жеткізуге уағдаласқан болатын. Аталған тепловоздар Қазақстанда құрастырылады. Осыдан алты жыл бұрын 4 тепловоз жеткізілді. Ал 2016 жылы тағы 2 локомотивті құрастыруға тапсырыс берілді. Соның біреуі Тәжікстанға жеткізілді.

Өткен жылы «KazakhExport» компаниясының араласуымен «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-мен «Азия Групп Тәжікстан» холдингі арасында 24 млн доллардың келісімі рәсімделді. Оған сәйкес, Қазақстан Душанбенің таксопаркіне 2 мың автомобиль жеткізіп береді. Соның ішінде 1 мыңы - «Peugeot 2012» және тағы мың данасы - «JAC S3».

Шілде айында «JAC S3»-тің алғашқы партиясы - 55 көлік жеткізілді. Қалғаны алдағы екі жылдың ішінде жеткізілетін болады.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Тәжікстанның астанасы - Душанбе қаласына келді. Ертең, 28 қыркүйекте Елбасы ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кезекті саммитіне қатысады. 

Соңғы жаңалықтар