Нұрсұлтан Назарбаев тәлімгерін еске алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің телерадио кешені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына қатысты деректі фильмнің үзіндісін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жария етілген видеода Мемлекет басшысы Днепродзержинскийде металлург мамандығына тәрбиелеген тәлімгері Дмитрий Погореловті еске алады. Себебі Елбасы халықпен кездесуі барысында тәлімгерінің қызымен жүздеседі.

«Дмитрий Изотович адам қылып шығарды десем болады. Жаңағы жерде  шеберіміздің қызы болды. Сол кісінің салып берген жолы, осы жерден алған тәлім-тәрбие  бүкіл өмірлік жолыма әсер етті деп айтуға болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚР Президентінің естелігіне қарағанда,  Дмитрий Погорелов өзінің әр шәкіртіне нақты сипаттама беріп, оны қандай қабілеті бар екендігін біліп отырған. Мәселен, ол кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа Премьер-Министр боласың деген екен.

Соңғы жаңалықтар