Нұрсұлтан Назарбаев табысқа жетудің жолын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне өткендермен кездесуде. Кезекті спикер шығып, өзінің табысқа жетуінің жолы туралы айтып жатқанда Мемлекет басшысы маңызды бір мәселеге назар аударды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Табысқа жету үшін бір нәрсені үнемі жасап отыру қажет. Бір жұмысты бастағаннан кейін шамалы уақыт жасап, шаршадым деп тастап кетсең, ештеңе шықпайды. Дұрыс па? Ал ол жұмысты он жыл үздіксіз істесең, сөз жоқ, арманыңа жетесің», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі жеңімпаздарымен кездесуі өтіп жатыр. Олардың ішінде 29 жастағы Ержан Сәлімгереев те бар. Ол үшінші сыныпта оқып жүргенде трансформатордың ішіне кіріп, тоққа түсіп қалды. Сол кезде ол бір қол және бір аяғынан айырылды. Бірақ қиыншылыққа мойымай, xалықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем кубогының төрт дүркін иегері, Азия ойындарының екі мәрте жеңімпазы дәрежесіне дейін жетті.

Соңғы жаңалықтар