Нұрсұлтан Назарбаев спорттағы әділетсіздіктерге қатысты пікірін білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Халық арена» жаңа мұз сарайын аралап көру барысында танымал спортшылар: Дмитрий Баландин, Денис Тен және Ислам Байрамуковтармен әңгімелесті.

Елбасы спорт саласында әділетсіздік бар екенін, бірақ онымен күресу керектігін айтты.

«Қазақстан өзін спорт державасы ретінде көрсетті. Онда әділетсіздік бар, бірақ не істей аласың. Өмірдегі секілді ол салада да ондайлар болады. Біреулер допинг үшін қатардан шығарылса, өзгелерге рұқсат беріледі. Жалпы, әділетсіздік жайылып барады. Өмірде де солай. Бірақ, күресті тоқтатпау керек. Сәттілік тілеймін», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы жүзуден алғашқы жарық жұлдызымыз пайда болғанын айтты.

«Оның (Баландин - ред.) соңынан талайлар ілеседі, балалардың спортпен айналысқанын қалаймын. Мұнда жеңіл атлетика бойынша, Ольга Рыпакова, оның алдында Ольга Шишигина шықты. Ең бастысы, ата-аналар балаларын мектептерге жіберсе болғаны, ол үшін бізде барлық жағдай жасалынған. Қазақстан бойынша, балалар мен жасөспірімдер спорт орталықтары, жүзу бассейіндері ашылып жатыр», - деді Мемлекет басшысы.

«Біріншіден, сізге қолдауыңыз үшін, біздің барлық спортшыларымызға көрсетіп отырған қолдауыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Сенімдеріңізден шыға алғаныма қуаныштымын. Жаңадан ашылып жатқан мұз айдыны сарайлары мыңдаған баланы спортқа әкеліп, Қазақстанда саламатты өмір салтын насихаттауға үлес қосады деп сенемін. Универсиада да ел намысын қорғайтын спортшылардың жеңіс тұғыранан көрінуіне тілектеспін», - деп алғысын білдірді Дмитрий Баландин Елбасымен болған әңгімеде.

Соңғы жаңалықтар