Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпиннен қандай сыйлық алғанын айтты

None
None
ЦИНДАО. ҚазАқпарат - Бүгін Қытайға мемлекеттік сапарын қорытындылап, қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы қандай сыйлық бергенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әдетте мемлекет басшылары бір нәрсе сыйлап жатады. Егер маған не сыйлағанын білгілеріңіз келсе музейге барыңыздар. Сонда барлығы тұр, біреулер ваза сыйлаған. Бұл жерде де әдемі вазалар сыйлап жатады. Кітапханада Президент музейі бар (Астанадағы Елбасы кітапханасы). Барлығы сол жерге табысталады. Кеше маған 15 метрлік жібек мата сыйлады. Онда қытай таулары бейнеленген, жазу бар. Оны да тапсырамын. Мұндай тәжірибе бар, әңгіме қымбат, бағасында емес. Мұны айту әдепке жатпайды. Ең маңыздысы көңіл аудару. Мен қораптағы тау барысының күміс бейнесін сыйға тарттым», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Төрағасының Ресей Президентіне орден бергенін айтты.

«Мұндай жағдайда Ресей Президентіне барлығымыз қолдау көрсетуіміз қажет. Мен қолдау көрсету үшін футбол ойындарының ашылуына барамын. Әдетте финалдық ойынға барып жатады. Ал мен қолау үшін барамын. Кейбіреулер наразылық танытып жатыр. Ал біз жақын доспыз, баруымыз қажет. Мемлекет басшыларының арасындағы қарым-қатынас әртүрлі қалыптасып жатады. Достық қарым-қатынас достықты туындатады. Саясаткерлердің достығы махаббат емес», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар