Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті шын жүректен туған күнімен құттықтап, оған мықты денсаулық пен амандық, бауырлас Өзбекстан халқының игілігі жолындағы белсенді жасампаз қызметіне жаңа табыстар тіледі.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Өзбекстан көшбасшысының екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестік қатынастарды дәйекті түрде нығайтуға зор үлес қосқанына ерекше тоқталды.

Соңында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан серіктестігінің жоғары деңгейін және екі ел халықтарының мүддесі үшін оны одан әрі дамытудың келешегі зор екенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар