Нұрсұлтан Назарбаев Шамалғандағы спорт кешенінің ашылуына қатысты

None
None
ШАМАЛҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының Қарасай ауданы Шамалған ауылында бой көтерген «Үшқоңыр» спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы өңірдің барша тұрғындарын «Үшқоңыр» спорт кешенінің ашылуымен құттықтап, бой көтерген нысанның жастарды тәрбиелеу және дене шынықтыру ісіндегі маңызын атап өтті.

«Біз бүгін аудандағы бірегей спорт кешенін аштық. Дені саудың - жаны сау. Қазіргі заманда дені сау адам ғана табысқа жетеді. Сондықтан, біз бұл нысанды жастарымыз үшін арнайы салдық», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
null

Нұрсұлтан Назарбаев өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

«Біздің балалық шағымызда спортпен шұғылдану үшін мұндай жағдай болмады. Ал, қазір жастар үшін барлық мүмкіндік бар. Көптеген табысты азаматтарымыз туған ауылы мен аудандарына қолдау көрсетеді деп ойлаймын. Жаңа спорт кешенінде жаттығатындардың арасынан болашақ чемпиондар шығады деп сенемін. Менің отбасым және жақындарым осы спорт кешенін арнайы сіздердің игіліктеріңіз үшін салды. Сіздерге зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін. Баршаңызды тағы да спорт кешенінің ашылуымен құттықтаймын!», - деді Елбасы.
null

Спорт кешенінде бокс, күрес және тренажер залдары, жүзу бассейні, теннис корты, көпфункционалды залдар және басқа да спорт инфрақұрылымдары бар.

null null null

Соңғы жаңалықтар