Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигоны қалай жабылғанын еске алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өтіп жатқан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарындағы ең маңызды шара - Семей полигонынның қалай жабылғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоршаған ортаны қорғау үшін қабылданған ең маңызды шараның бірі - Семей полигонын жабу. Мені бірнеше рет Мәскеуге шақырды. Горбачев және тағы басқа тұлғалар «жабуға болмайды, тағы бір 5-6 жарып өтейік, Америкадан қалып кетеміз» деді. Осы залда сол маңызды қадамға қатысқан бірнеше адам отыр. Біз бұл мәселені бір жыл талқыладық. Олар «Семейді жарқыратамыз, облыстың жағдайын жасаймыз деді. Бірақ, түк болмайтынын мен білетінмін. Одақтың қалтасында ақша жоқ болатын. Мен осында отырып, Семей полигонын жабу жөніндегі жарлыққа қол қойдым. Мен ол кезде халықтың көңіліне, пікіріне сүйендім. Сол кезде «Невада-Семей» деген қозғалыс құрылды. Қарсылық болды. Осы қазақ жерін апатқа ұшыратқан Семей полигоны Кеңес үкіметінің әскери өнеркәсіптік кешенінің үзілді-кесілді қарсылығына қарамастан жабылды», - деді Н.Назарбаев.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда өтіп жатқан «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференцияда сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевты «егемен елдің жылнамасын жазған адам» деп атады.

Сондай-ақ, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің КСРО Үкіметін басқару туралы ұсыныстан қалай бас тартқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар