+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

2020 жылғы 1 ақпан 14:23
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш ПрезидентіМихаил Мишустинді жауапты және маңызды лауазымға тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Nur Otan әлеуеті Президенттің коронавируспен күрес бастамаларын қолдауға жұмылдырылсын – Нұрсұлтан Назарбаев Біз біртұтас халықпыз - Елбасы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады Атыраудағы ірі кәсіпорындар медициналық мекемелерге көмек көрсетуде

– Сіз бұл қызметке өте қиын кезеңде келіп отырсыз. Қазір жағдай оңай емес. Жаңа лауазымда сіздің мол тәжірибеңіз пайдалы болады деп сенемін. Кеше Алматыда цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін талқыладыңыздар, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Ресей Федерациясымен тату көршілік қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.

– Мен жұмыс істеген жылдардың бәрінде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға тырыстым. Бүгінгі таңда біздің байланыстарымыз үлгі етуге тұрарлық деп есептеймін. Алдағы уақытта да осылай болғанын қалаймын, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.


Өз кезегінде Михаил Мишустин Елбасыға кездесу үшін алғыс білдіріп, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің жылы лебіздерін жеткізді.

– Мен алғашқы шетелдік сапарымды Қазақстаннан бастадым. Біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы. Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен Ресей Федерациясы Президентінің ең ізгі тілектерін жеткізгім келеді, - деді Ресей Федерациясының Премьер-Министрі.

Кездесу барысында тараптар Еуразия экономикалық одағы аясындағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, инфрақұрылымды дамыту жобаларын іске асыру және құрлық елдері арасындағы сауда қатынастарын одан әрі нығайту мәселелеріне тоқталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT