09:57, 12 Ақпан 2018 | GMT +6
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президентіне көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Мәскеу облысында Ан-148 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Қаза болғандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.