Нұрсұлтан Назарбаев: Православие өкілдері елде жүргізіліп жатқан игі істерді үнемі қолдап келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Успен кафедралды соборында Рождество мерекесіне орай өткен шараға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін бүкіл Қазақстан, барлық конфессиялар мен этностардың өкілдері осы мейрамды атап өтіп жатыр. Бұл мереке мейірімділік пен бақ-берекенің символы саналады. Осы күні ескі өкпе-реніштер ұмытылып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, дұға оқылады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
null

Елбасы жиналған қауымды құттықтай келе, Қазақстанда православие тарихы 1860 жылдан басталатындығын атап өтті.

«Бүгінде Қазақстан бойынша 390 мінәжат ету орны және 301 бірлестік бар. Онда ұлтына, өкіліне қарамастан барлық азаматтар бейбітшілікте, достықта және бауырластықта өмір сүруде. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың аяғында әлемдік дәстүрлі діндердің 6- съезі дүниежүзі халқының бейбітшілігі және тыныштығы үшін деген ұранмен өтті. Православие өкілдері елде жүргізіліп жатқан саясат пен игі істерді үнемі қолдап келеді, сіздерге шексіз алғысымды білдіремін», - деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанның бірлік пен бейбітшіліктің арқасында ғана жаңа табыстарға қол жеткізетінін айтты.

«Біз достық пен өзара түсіністікті, бір-бірімізге деген сенімді нығайтуға бағытталған саясатымызды жалғастыратын боламыз. Осындай бастамамамен ғана алға ілгерілеп, болашақ ұрпақтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасай аламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

null

null null null

null

Соңғы жаңалықтар