Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесулердің кестесін талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында тараптар көпжоспарлы Қазақстан-Ресей саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастығының ілгері дамуына ризашылық білдірді.

Сонымен қатар, екі ел басшылары гуманитарлық саладағы диалогты одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті, оның аясында 2019 жылдың қыркүйек айында Ресейдегі Қазақстанның Мәдениет күндері өтеді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

Соңғы жаңалықтар