Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов кездесті

None
None
ТҮРІКМЕНБАШЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта құрғап қалған Арал теңізіне көмек көрсету өте қиын. Дегенмен, біздің кездесуіміз іргелес жатқан бауырлас елдердің ынтымақтастығын, бірлескен іс-қимылын үйлестіру, бәрімізге ортақ проблеманы бейбіт, сенімге негізделген жолмен шешу мақсатын көздейді. Оған кез келген кездесу септігін тигізе алады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммиті барысында Әмудария мен Сырдария мәселелері де қозғалатындығын айтты. Өз кезегінде Түрікменстан Президенті шақыруын қабыл алып, саммитке қатысу үшін Түрікменбашы қаласына арнайы келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдірді. Екі елдің арасында байланыстардың дұрыс бағытта дамып келе жатқанына назар аударды.

«Ең бастысы өзіңізбен уағдаласқан жол картамызды жалғастыра беретін боламыз. Ол көлік-транзиттік дәлізі және энергия қауіпсіздігі мәселелерін қамтиды. Өйткені бұл бағыттар тек өңір үшін ғана емес бүкіл әлемге қажетті деп санаймыз. Сонымен қатар осы мүмкіншілікті пайдалана отырып, Сізді және Сіз арқылы бүкіл қазақстандықтарды ортақ мейрамымыз Құрбан айтпен құттықтаймын», - деді Гурбангулы Бердімұхамедов.

null 

Соңғы жаңалықтар