Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың оң қарқынын атап өтті.

Сондай-ақ, көшбасшылар Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы қарсаңында Еуразия экономикалық одағын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар